Көлік салығы бойынша берешекті өндіру бағытында рейдтік іс-шара өткізілді

    1 / 5

    Үштөбе қаласы әкімінің аппараты, Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және жеке сот орындаушысының (ЖСО) қатысуымен көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтарға қатысты рейдтік іс-шара өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік салығы бойынша қалыптасқан берешектерді анықтау, тұрғындарға салық төлемдерін уақытылы төлеу қажеттігін түсіндіру және салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.

    Рейд барысында азаматтарға көлік салығы бойынша берешектерін өтеу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салықтық берешекті өтеу қажеттігі ескертілді.

    Қала тұрғындарын салық төлемдеріне жауапкершілікпен қарап, берешектерді уақытылы өтеуге шақырамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Жетісу облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімінің аппараты" ММ-і" жаңалықтары