Хабарландыру
«Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Батыс Қазақстан облысының 2027–2031 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс нысанында өткізілетінін хабарлайды.
Өтетін орны:Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47, 3-қабат, конференц-зал.
Өтетін күні:2026 жыл 29 желтоқсан.
Басталу уақыты:сағат 15:30.
Тыңдаудың мақсаты – экологиялық көрсеткіштерді әзірлеу барысының ашықтығын қамтамасыз ету және облыс тұрғындарына атмосфералық ауа, су ресурстары мен топырақ сапасы, қалдықтармен жұмыс істеу және қоршаған ортаны қорғаудың басқа да бағыттары бойынша жобада ұсынылған көрсеткіштерге қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге мүмкіндік беру.
Жоба материалдарымен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» порталында танысуға болады: https://ndbecology.gov.kz/.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47, 3-қабат, 6-кабинет; телефон: 8 (7112) 24-09-76; электрондық пошта: [email protected].
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






