Әлеуметтік қызметтерді белсенді түрде алуға бола ма?

    Проактивті қызметті қалай пайдалануға болады?
    Қызметті алу үшін азамат:
    Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірінің болуы тиіс.
    Мемлекеттік қызметті рәсімдеу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама алуы тиіс.
    Ұсыныспен танысып, хабарламада көрсетілген тәртіппен келісімін растауы тиіс.
    Қажет болған жағдайда банк деректемелерін және қосымша мәліметтерді растауы немесе ұсынуы тиіс.
    Қабылданған шешім туралы хабарламаны күтуі тиіс.
    Проактивті қызметтерді пайдалану неліктен маңызды?
    Мұндай форматтың негізгі артықшылықтары:
    уақытты үнемдеу және мемлекеттік органдарға барудың санын азайту;
    қағаз құжаттарды жинау қажеттілігін азайту;
    азаматтарды әлеуметтік қолдауды алу мүмкіндігі туралы уақтылы хабардар ету;
    мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру;
    мемлекет пен халық арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету.
    Азаматтар нені назарда ұстауы керек?
    Хабарламаларды уақтылы алу үшін телефон нөмірінің өзектілігін қолдап, келіп түскен SMS-хабарламаларды тексеріп отыру ұсынылады.
    Сонымен қатар хабарламаны алу жәрдемақының автоматты түрде тағайындалғанын білдірмейді: тағайындау қажетті мәліметтер тексеріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті төлемге құқық анықталғаннан кейін жүзеге асырылады.
    Егер SMS-хабарлама келмесе, азамат мемлекеттік қызметті алу үшін eGov.kz электрондық үкімет порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе тиісті уәкілетті орган арқылы өз бетінше жүгінуге құқылы.
    Мемлекет әлеуметтік қолдауды әрбір азамат үшін қолжетімді әрі ыңғайлы етуге ұмтылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті форматы – әлеуметтік саланы цифрландыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары