2027 жылға Айыртау ауданы бойынша жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

    Мемлекеттік әлеуметтік
    тапсырысты қалыптастыру,
    іске асыру мониторингі және
    осы тапсырыстың нәтижелерін
    бағалау қағидаларына
    1-қосымша

    №

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

    Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

    Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

    Халықтың нысаналы тобы

    Күтілетін нәтиже

    1

    «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру

    400

    Жастар, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері

    Ақпараттық және цифрлық кеңістікті қоса алғанда, экстремистік насихаттың белгілерін тану қабілеті мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу, конфессияаралық диалогты кеңейту және қоғамда толеранттылық, өзара құрмет пен азаматтық жауапкершілік ахуалын нығайту. Сыртқы тақырыптық үгіт-насихатпен қамтамасыз ету.

    2

    Отбасылық құндылықтарды насихаттауға, отбасы мен некенің ұлттық дәстүрлерін халық арасында танымал етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және ауданның қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру

    800

    Жастар, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері

    "Мерейлі отбасы" конкурсының номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттауды қамтамасыз ету және конкурсқа қатысушыларды құттықтау іс-шарасын ұйымдастыру. Жеңімпаз отбасылар туралы имидждік бейнероликтерді дайындау.

    3

    «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында халық арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

    300

    Жастар, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, бюджет қызметкерлері

    Халық арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы сыртқы көрнекі үгіт-насихат материалдарымен және үлестірмелі материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес тақырыбында карикатуралар байқауын өткізу.

    4

    Халықтың есірткіні қолданудың қауіптері мен салдары туралы хабардар болу деңгейін арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастыру

    500

    Жастар, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, бюджет қызметкерлері

    Есірткі құралдары мен психоактивті заттарды қолданудың медициналық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы, әсіресе жастар арасында халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған мәдени-танымдық іс-шараны ұйымдастыру, есірткіні қолдануға тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар