Осакаров ауданының Қоғамдық кеңесі консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган болып табылады.
Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Қоғамдық кеңестің қызметінің мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Қоғамдық кеңестің құрамына 11 мүше кіреді, кеңес төрағасы – Сүлейменов Е.А.
2026 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес аудан бөлімдері басшыларының төмендегі есептері тыңдалды, олар:
1. «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету;
2. «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар;
3. Осакаров ауданында түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі кешенді жоспар;
4. 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтер ұсынымдарының орындалуын қарау;
5. Қоғамдық кеңестің құрамын өзгерту;
6. «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету;
7. «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар;
8. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметін көрсету;
9. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар;
10. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету;
11. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар:
12. 2027 жылға арналған жұмыс жоспары.
Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.
2026 жылы 50 жоба қаралды, аудан тұрғындарынан өтініш түскен жоқ.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







