Алға қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 90 пайызы жаңартылды

    1 / 13

    Алға ауданында 120 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың басым бөлігі 1970–1989 жылдары пайдалануға берілген. Осыған байланысты тұрғын үй қорын жаңғырту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынды.

    Атап айтқанда, 2025–2026 жылдары 23 көпқабатты тұрғын үйге қажетті құжаттар әзірленіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде үйлердің шатырлары мен жертөлелері жөнделіп, кіреберістері мен қасбеттері жаңартылды. Сондай-ақ су, жылу және кәріз жүйелері толық ауыстырылды.

    Бүгінде аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің 90 пайызының негізгі бөліктері жөндеуден өтті. Бұл тұрғын үй қорының техникалық жағдайын жақсартып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

    Жаңартылған тұрғын үйлердің тұрғындары да жүргізілген жұмыстарға оң бағасын беруде. Олардың айтуынша, жөндеуден кейін күнделікті тұрмысқа қолайлы жағдай қалыптасқан.

    Алдағы уақытта қалған үйлер техникалық тұрғыда зерделеніп, жөндеу жұмыстары қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары