Құрметті тұрғындар!
"Біржан сал ауданы әкімінің аппараты" ММ Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Біржан сал ауданы "Мейірім" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ - нің белгіленген мұрагерлері жоқ, Біржан сал ауданы аумағында тұратын азаматтар, оның ішінде қызмет алушылар қайтыс болғаннан кейін қалған мүлікке қатысты хабарлайды. мұраны иесіз деп тану туралы сотқа талап арыздар берілетін болады. Осыған байланысты төменде көрсетілген азаматтардың барлық туыстарынан, егер бар болса, өздерінің мұрагерлік құқықтарын растау және тиісті құжаттарды ұсыну үшін Біржан сал ауданы әкімінің аппаратына жүгінулеріңізді сұраймыз . Азаматтардың тізімі: -Титова Екатерина Степановна, туған күні 14.05.1950 ж., қайтыс болған күні -22.10.2025 ж.; -Сумская Надежда Афанасьевна, туған күні 10.08.1952 ж., қайтыс болған күні -31.10.2025 ж.; - Корза Нина Васильевна, Туған күні 11.01.1936 ж., қайтыс болған күні -02.10.2025 ж. Қосымша ақпарат алу үшін Біржан сал ауданының әкімдігіне Степняк қаласы, Біржан сал көшесі , 23 мекенжайы бойынша немесе 8(71639) 2-17-72 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








