Құрметті Ырғыз ауданының тұрғындары!
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы Қазақстан Республикасы аумағындағы KAZ06 «РФ шекарасы-Ақтөбе–Қызылорда-Шымкент-Тараз-Алматы-ҚХР шекарасы» автомобиль жолының «Ұлғайсын – Сексеуіл» учаскесінің 393–608 шақырым аралығында (М-32 автомобиль жолының 1025–1240 шақырым аралығы) жобаның негізгі техникалық шешімдері бойынша алдын ала қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаудың өткізілетін күні: 2026 жылғы 27 қараша.
Өткізілетін уақыты: сағат : 10.00
Өткізілетін орны: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Ырғыз ауданы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, мәжіліс залы.
Қоғамдық тыңдаудың мақсаты – аталған автомобиль жолы учаскесінің жобалық шешімдерімен таныстыру, жергілікті тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау, сондай-ақ жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылау. Барлық мүдделі азаматтарды, жергілікті тұрғындарды, мемлекеттік органдардың, шаруа қожалықтарының, қоғамдық ұйымдардың және өзге де мүдделі тараптардың өкілдерін қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырамыз.
Қоғамдық тыңдау барысында қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге, жобаның негізгі техникалық шешімдері бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









