2026 жылдың 20 қарашада облыс әкімдігі дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің(бұдан әрі - Кеңес)екінші жартыжылдықтағы отырысы өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес Жуалы ауданы әкімінің орынбасары А.Ахметованың « Жуалы ауданы аумағындағы діни ахуалтуралы»жәнеоблыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Райымқұловтың «Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстартуралы» тақырыптағы баяндамалары тыңдалды.
Кеңес отырысы барысында Жуалы ауданы мен спорт саласындағы дінге қатысты өзекті мәселелерқаралып, Кеңес мүшелерімен сұрақтарқойылып, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Отырыстың кезекті сұрағы бойыншаоблыс әкімдігі дін істері басқармасыжанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 2027 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы ұсынылды. Кеңес мүшелерімен аталған жоспар жобасы талқыланып, толықтырулар енгізіліп, жоспардың соңғы нұскасы мақұлданды.
Жиынның соңындаКеңес отырысына төрағалық еткен облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Е. Ақбайдіни экстремизм мен тероризмнің алдын алу жұмыстарын ары қарай жалғастыру қажет екендігін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








