Қару мен оқ-дәрілерді тәркілеу туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 9

    2026 жылғы қазан-қараша айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен еліміздің 10 өңірінде(Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында)қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын іс асырды.

    Жалпы 45 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша, сондай-ақ 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді.

    Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

    ҰҚК баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары