Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті Директоратының отырысы өтті.
Директорат жұмысына Маңғыстау облысы бойынша Медициналық бақылау комитеті Департаментінің басшысы Н.Мұхамбетиярова қатысты.
Отырыста 2026 жылдың 9 айындағы бақылау және қадағалау қызметінің қорытындылары ұсынылып, медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелері қаралып, аумақтық бөлімшелердің келесі міндеттері айқындалды.
Тексерулердің нәтижелілігіне, профилактикалық бақылауға, азаматтардың өтініштерін қарауға, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға және тәуелсіз сараптамалық комиссиялардың қызметіне ерекше назар аударылды.
Медициналық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінің басым бағыттары болып мыналар айқындалды:
— пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
— медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
— профилактикалық бақылауды дамыту және медициналық тәуекелдердің алдын алу
— тексерулердің нәтижелілігін арттыру және анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау
— азаматтардың өтініштерін қараудың толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету
— медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру механизмдерін және тәуелсіз сараптамалық комиссиялардың қызметін жетілдіру
— бақылау және қадағалау қызметінде цифрлық құралдар мен деректерді талдауды қолдану
Маңғыстау облысы бойынша Департамент белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жұмысты облыстың Денсаулық сақтау басқармасымен және өңірдің медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимылда жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









