Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді.
Біржолғы төлем мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 35 еселенген мөлшерін құрайды ( 151 375 теңге).
Ұлы Отан соғысының ардагері болған жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 36,6 еселенген мөлшерінде ( 158 295 теңге) жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей берілсе, төлем мөлшері алушы қайтыс болған күнгі мөлшер бойынша айқындалады.
Жерлеуге арналған төлемді тағайындау үшін қайда жүгінуге болады?
Өтінішті төмендегі тәсілдердің бірі арқылы беруге болады:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
EGOV.KZ электрондық үкімет порталы арқылы;
Проактивті форматта.
Проактивті форматта төлемді тағайындау абоненттік нөмір Мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 3 (үш) жұмыс күні;
EGOV.KZ және проактивті қызмет арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








