Абай облысында балалардың қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді
Абай облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруіне жол бермеу мақсатында профилактикалық рейд жүргізді.
Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігіне назар аударылып, ата-аналар мен заңды өкілдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтің басты мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру.
Баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









