СҚО ТЖД базасында ұйымдастырылған тағылымдама өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тапсырмасын орындау шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының базасында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инспекторлары үшін тұрақты негізде тағылымдамадан өту ұйымдастырылған.
Тағылымдама барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары мен өзге де нормативтік құжаттардың ережелері түсіндіріледі. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, профилактикалық іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық шараларын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Аталған жұмыс мемлекеттік инспекторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын бірізді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









