Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылғы 10 қарашадағы № 02/1788-И хатын орындау мақсатында мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 қазандағы № 1531 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында мемлекеттік қызметшілердің назарына 2-тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген нормалар жеткізілді. Атап айтқанда:
- «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісін «Б» корпусының өзге әкімшілік мемлекеттік лауазымына ауыстыру қызметшінің алдыңғы лауазымында кемінде бір жыл қызмет атқарған және атқаратын лауазымы бойынша қатарынан төрт тоқсан ішінде қызметін бағалау нәтижелері «функционалдық міндеттерін тиімді орындайды» деген мәнге ие болған жағдайда жүзеге асырылатыны түсіндірілді;
- уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарып отырған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісін мемлекеттік орган ішіндегі төмен тұрған лауазымға ауыстыру осы лауазымы сақталған негізгі қызметшінің жұмысқа шығуына байланысты жүзеге асырылатыны түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







