Маңғыстауда оқушылар арасында экологиялық квест өтті
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Табиғат детективтері» облыстық экологиялық квест конкурсы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатты қорғау мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыру, экологиялық білімін кеңейту және зерттеушілік, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Конкурсқа облыстың жалпы және бағынысты білім беру ұйымдарында оқитын 13–14 жас аралығындағы білім алушылар қатысты. Әр команда үш оқушыдан жасақталды. Қатысушылар аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерде бақ сынады.
– Квест үш бағыт бойынша өтті. «Классикалық квест» кезеңінде қатысушылар экологиялық тапсырмалар мен логикалық жұмбақтарды шешті. «Жанды квест» барысында интернет қосымшалары арқылы ақпарат іздеп, түрлі басқатырғыштарды орындады. Ал «Морфеус квестінде» дыбыстық және жарық эффектілері, иістер мен тактильді сезімдер қолданылды - деді облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының экология-биология бөлімінің жетекшісі Думан Нұрболатұлы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









