Тағылы ауылдық округінде діни экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Тағылы ауылдық округінде «Деструктивті діни ағымдардың арбауынан қалай қорғану керек?» тақырыбында мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, олардың арбауына түсудің алдын алу жолдарын кеңінен түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстарын Қарағанды облысы Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «DARA» әлеуметтік инновациялар институтының директоры Абишев Жомарт Сүлейменович жүргізді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









