ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ҮНІ» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

    1 / 5

    Дүниежүзілік бала күніне орай ұйымдастырылған «Бала құқығы – басты құндылық» онкүндігі аясында бүгін Жезқазған қаласындағы Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№8 гимназиясы» КММ-де «Балалар үні» тақырыбында кездесу өтті.

    Іс-шараны Ұлытау облысы балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы М.С. Абеева өткізді.

    Кездесу барысында оқушылармен ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, «Ашық микрофон» форматында балалар өз ойларын еркін жеткізіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

    Талқылау барысында:
    – буллинг және кибербуллингтің алдын алу;
    – интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау;
    – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
    – инклюзивті білім беру;
    – қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру;
    – «Біз қандай облыста өмір сүргіміз келеді?» тақырыптары кеңінен қозғалды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың пікірін тыңдау, олардың өзекті мәселелерін анықтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және шешім қабылдау үдерісінде бала үнінің ескерілуіне мүмкіндік жасау.

    ✔️«Ұлытау облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары