Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі мүмкіндігін кеңейту үшін ауқымды жұмыс қолға алынды. Енді ChatGPT моделінің қазақ тілінде терең әрі сауатты жұмыс істеуі үшін 14 миллиардтан астам токенді қамтитын мәтін қоры мен 12 мың сағаттық аудиодерек пайдаланылмақ. Бұл туралы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы қоғамның Х құрылтайында мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2023 жылы мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау үшін құрылған «Қазақ тілі» қоғамының эндаумент қорының көлемі 100 есе өсті. Соның арқасында ірі ғаламдық орталықтармен тығыз байланыс орнап, ана тілімізді әдістемелік, мазмұндық және технологиялық тұрғыдан күшейтуге жол ашқан бірқатар нақты бастамалар мен жобалар іске асып жатыр.
Соның ішінде жасанды интеллект саласында көш бастап тұрған OpenAI компаниясымен ресми келісімге келіп, ең кең қолданылатын ChatGPT моделінің қазақ тілінде қатесіз, терең жұмыс істеуі үшін, оны жаңадан оқыту жобасы іске асып жатыр.
Толығырақ: https://kaz.inform.kz/news/kazak-tln-chatgpt-ge-uyretu-ushn-14-mlrd-tokendk-derek-kori-zhinaldi-3ac40e4e/
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








