Жетісу облысында дрондар арқылы жолдағы өрескел құқық бұзушылықтар анықталуда

    Жетісу облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануды жалғастыруда.

    Басты назар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді анықтауға аударылған. Атап айтқанда, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпті басып озу, жолдың тұтас сызығын кесіп өту және жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін өзге де қауіпті маневрлер бақылауға алынған.

    Дрондардың көмегімен полицейлер жолдағы жағдайды әуеден бақылап, жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін дер кезінде тіркейді. Бұл құқық бұзушылықтарға жедел ден қойып, кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмей, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және адам өмірін сақтау.

    Жетісу облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырады. Жол үстіндегі бір сәттік қателіктің орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін әрдайым есте ұстау қажет.

    Жол қауіпсіздігі – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары