2026 жылдың 10 қараша күні Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында «Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп нормаларын сақтауына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында қызметтік әдеп талаптарының орындалуына, қызметтік тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңдылық пен әдеп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









