Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукционды) өткізу туралы хабарландыру

    Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар!

    «Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 24 қарашада сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің https://e-qazyna.kz/ веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату жөніндегі электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды.

    Аукционға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес беріледі.

    Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен басталып, сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

    Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында мынадай мәліметтерді көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:

    1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

    2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

    3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

    4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факсі, электрондық поштасы).

    Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына мыналар негіз болып табылады:

    1) қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін бес минут бұрын ұйымдастырушының шотына түспеуі;

    2) қатысушының Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмеуі;

    3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде болуы.

    Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілім веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

    Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы берген аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

    Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейінгі бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді және сауда-саттық (аукцион) объектісі үшін бастапқы бағадан төмен емес баға ұсынысын көрсетеді.

    Сауда-саттық (аукцион) оны өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта басталады.

    Әрбір сатылған объект бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді. Оған сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

    Сауда-саттық (аукцион) нәтижелері туралы хаттама сауда-саттық (аукцион) нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушы арасында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алу-сату шартына қол қою талаптарын бекітетін құжат болып табылады. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алу-сату шарты веб-порталда электрондық форматта жасалады және оған сауда-саттық (аукцион) нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Егер сатып алушы осы баптың 9-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылар қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукцион нысанасы сауда-саттыққа қайта шығарылуы мүмкін.

    Бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционға мынадай сату объектілері шығарылады

    1.Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – ет өнімдерін қайта өңдеу объектілерін салу және оларға қызмет көрсету үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, Бұлақ көшесі, № 30 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,5421 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 701 477,40 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    2.Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – автомобиль көлігіне қызмет көрсету ғимаратын салу және орналастыру үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, Железнодорожная көшесі, № 59 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0, 0,3705 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 479 427,00 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    3.Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – гараж орналастыру үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, № 3 гараж массиві, 1-қатар, № 80 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,0016 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 2 026,40 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    4. Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – күрделі гараж салу үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, № 1 гараж массиві, 24-қатар, № 16 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,0042 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 2 026,40 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    5. Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – қонақ үйін орналастыру және оған қызмет көрсету үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, Абай көшесі, № 7Е жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,1739 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 225 090,01 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    6. Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – автокөлікке қызмет көрсету, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және сауда объектілерін салу үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, Теплоэнергетиков көшесі, № 5 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,1723 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 222 956,20 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    7.Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – рекреациялық аймақты орналастыру және оған қызмет көрсету үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, «Строитель» саяжай қоғамы, 4-қатар, № 1 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,4699 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 608 057,07 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    8. Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – рекреациялық аймақты орналастыру және оған қызмет көрсету үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, «Строитель» саяжай қоғамы, 4-қатар, № 3 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,4946 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 640 043,46 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 216 250,00 теңге.

    9. Аукцион өткізу күні: 24.11.2026, сағат 10:00.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – аз қабатты тұрғын үйлер салу үшін.

    Жер учаскесінің орналасқан жері – Абай облысы, Курчатов қаласы, Самал көшесі, № 5 жер учаскесі.

    Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 1,13630 га.

    Сату объектісі (құқық түрі) – 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы.

    Жер учаскесінің ауыртпалығы – кепілге беруді қоспағанда, мәмілелер жасау құқығынсыз.

    Бастапқы бағасы (теңге) – 1 763 722,00 теңге.

    Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 264 558,30 теңге.

    Ұйымдастырушы: «Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ. Анықтама телефоны: 8 (72251) 33889

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Курчатов қаласының әкімдігі" жаңалықтары