1 / 3
2026 жылғы 30 қазанда Курчатов қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шаралары қаралды.
Отырыс барысында күнтізбелік жоспарда көзделген іс-шараларды орындау кезеңдері нақтыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша сайлау науқанының барлық кезеңдерін қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте ұйымдастырудың, сондай-ақ барлық жоспарланған іс-шараларды уақтылы әрі сапалы орындаудың маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









