Кездесу барысында инспектор құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіріп, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, дербес деректерді қорғау, телефон және интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы айтып берді. Ұялы телефондарды жауапкершілікпен пайдалануға және әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәдениетіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









