Түркістан облысында дрон көмегімен жол қозғалысына бақылау күшейтілді

    Түркістан облысында дрон көмегімен жол ережесін бұзғандар анықталуда.

    Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында заманауи технологияларды пайдалана отырып, бақылау жұмыстарын күшейтуде.

    Осы бағытта Отырар аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобы ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жол қозғалысын әуеден бақылауда.

    Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары дрон арқылы жол жүрісі қағидаларын бұзған жүргізушілерді анықтады. Атап айтқанда, қарсы бағытқа шығу, белгіленген жылдамдықты арттыру және бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту деректері тіркелді.

    Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тақпаған 4 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 4 жаяу жүргіншіге де заң аясында тиісті шаралар қолданылды.

    Полиция қызметкерлері бақылау жұмыстарымен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігін ескертті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары