ӨНЕРГЕ ӨШПЕС ӨНЕГЕ ҚАЛДЫРҒАН ТҰЛҒА
Драматург, ақын, режиссер Жәнділда Баймұратовтың 80 жылдық мерейтойына арналған мәдени шаралар легі өз жалғасын тапты.
Мерейтой аясында «Шоқ пен Шер» халық театрының сахналық қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Театр әртістері сахна төрінде өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Қойылым арқылы мерейтой иесінің шығармашылық мұрасы мен қазақ өнеріне қосқан үлесі кеңінен дәріптелді.
Қойылым соңында ауыл әкімі мен Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Думан Төкеш сөз сөйлеп, мерейтой иесін 80 жасқа толған мерейлі белесімен құттықтады. Сонымен қатар, Жәнділда Баймұратовтың мәдениет пен өнер саласына сіңірген еңбегіне тоқталып, шығармашылық жолына жоғары баға берді.
Салтанатты сәтте мерейтой иесіне аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, құрмет көрсетілді.
Өнерге өмірін арнаған тұлғаның шығармашылық мұрасы ұрпаққа өнеге болып, ел жадында мәңгі сақталары сөзсіз!
Мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






