Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

    Өнеркәсіпте 2 544,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі -101,7%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 600,6 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі - 107,0%.

    Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4,5% өсіммен 405,7 млрд. теңгені құрады.

    Облыс экономикасына 417,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 102,8%.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 240,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 111,5%.

    Ішкі сауда көлемі 860,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 105,8%.

    Жыл басынан 108,3% өсіммен, 173,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

    Көлік қызметтерінің көлемі 179,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 113,4%.

    Байланыс қызметтерінің көлемі 9,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 102,6%.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары