Бүгін Қарағанды қаласында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық кеңсе - AI Digital Office for Citizens ашылды.
Жаңа кеңсенің ашылуы өңірді цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын енгізу және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи жүйесін қалыптастыру бағытындағы кезекті қадам болды.
Жаңа цифрлық кеңсенің басты ерекшелігі- азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін барынша қарапайым, түсінікті әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін интеллектуалды технологияларды қолдану.
Негізгі шешімдердің бірі- мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты іздеу мен алуды жеңілдетуге арналған жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды көмекші- eGov.GPT.
Енді азаматтарға мемлекеттік қызметтің нақты атауын білу немесе электрондық үкіметтің құрылымын жетік меңгеру міндетті емес. Қажетті ақпаратты алу және қолжетімді цифрлық сервистерді пайдалану жолын анықтау үшін өз сұрағын еркін түрде тұжырымдаса жеткілікті.
Сонымен қатар, кеңседе жеке басын куәландыратын құжаттарды өз бетінше ауыстыруға арналған сектор қарастырылған. Бұл азаматтардың сұранысқа ие қызметтерді қолайлы цифрлық форматта алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Цифрлық трансформация - бұл тек жаңа технологияларды енгізу ғана емес, ең алдымен әрбір азаматтың қажетті қызметтерді жылдам, өз бетінше әрі қолайлы жағдайда алуына мүмкіндік беретін жағдай жасау. Дәл осындай тәсіл мемлекеттік басқарудың заманауи сервистік моделін дамытудың негізіне алынған.
Жаңа цифрлық кеңсе Қарағанды облысының Мемлекеттік және сервистік қызметтер көрсету орталығының базасында, Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709-ғимарат мекенжайы бойынша жұмыс істейді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







