Қамқорлық пен мейірімге толы мереке!
Жыл сайын қазан айында ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға құрмет көрсетіледі.
Осыған орай, Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппараты, мектептер мен дәрігерлік амбулаторияның әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Аялы алақан – көңілді күн» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Салтанатты шараны округтің билер кеңесінің төрағасы Б.Юсупбаев ашып, балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы А.Әбдіманов та атаулы күндермен құттықтап, бала тәрбиесінде ерекше жауапкершілік пен төзімділік танытып жүрген ата-аналарға Алғыс хаттар табыстады.
Іс-шара барысында демеушілердің қолдауымен балаларға арнайы әзірленген сыйлықтар табысталып, бүлдіршіндерге қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Балаларымыздың жүзінен күлкі кетпей, әр шаңыраққа шаттық пен береке орнасын!







