ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 7

    Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күшейтілген түнгі рейд ұйымдастырылды.

    Рейдке аудан әкімі Алмасбек Есмаханов бастаған жауапты сала басшылары, полиция қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар ойын-сауық орындарын, кафе-барлар мен сауда нысандарын аралап, заң талаптарының сақталуын тексерді.

    Барысында кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу және кәсіпкерлік нысандарында заң талаптарының орындалуы мәселелеріне баса назар аударылды. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын қатаң сақтау ескертілді.

    Қоғамдық тәртіпті сақтау, балалардың қауіпсіздігін қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы рейдтік шаралар аудан орталығы мен ауылдық округтерде жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары