Өнірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар

    1 / 7

    Ел өңірлерінде елді мекендерді ықтимал су тасқынынан қорғау және су басу қаупін азайту бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда.

    Іс-шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және алдағы тасқын кезеңінде инфрақұрылым нысандарының сақталуына бағытталған.

    Ақмола облысында өңір аумағында бекітілген инженерлік жұмыстар жоспары аясында гидротехникалық құрылыстарды нығайту, өзен арналарын реттеу және тасқын суларын кедергісіз өткізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

    Қазіргі уақытта Қайрақты су қоймасында гидромелиоративтік құрылыс салу, «Иванковская» бөгетін қайта жаңарту, сондай-ақ Қалқұтан өзенінің арнасын түзету және тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Шоптыкөл бөгетін нығайту жұмыстары аяқталды.

    Қостанай облысында бекітілген инженерлік жұмыстар жоспары аясында Қарасу, Қарабалық, Әулиекөл, Алтынсарин, Қамысты, Амангелді аудандарының тасқын қаупі бар елді мекендерінде қорғаныш біліктері нығайтылып, күшейтілді.

    Қарасу ауданының Зеленовка, Қызкеткен, Прогресс елді мекендерінде және Жангелді ауданының Саға ауылында су өткізгіш құбырлар төселді.

    Сондай-ақ Қостанай ауданының Тобыл қаласында еріген қар суларын бұру үшін 2,6 км ор қазылды.

    Қазіргі уақытта Әулиекөл ауданындағы Теректі өзеніндегі гидротехникалық құрылысқа жөндеу жүргізілуде.

    Автомобиль жолдары арқылы тасқын суларын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде су өткізгіш құбырларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бұл олардың өткізу қабілетін арттырып, жол төсемінің су басу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.

    Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданының «Арықбалық-Саумалкөл» облыстық маңызы бар автожолында үш оқпалы су өткізгіш құбыр орнатылды, «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолында және Есіл ауданының «Гурьяновка ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автожолында.

    Өңірлердегі тасқынға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті" жаңалықтары