БАРШАҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

    1 / 2

    Семей қаласында цифрлық сауаттылыққа тегін оқыту бағдарламасы кеңейтілуде. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалының мамандары сабақтарды ХҚКО келушілеріне ғана емес, мектеп оқушыларына да өткізуде. Бұл жұмыс Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылуда.

    2026 жылдың қыркүйегінен бастап бағдарламаға қаладағы 10 мектеп қосылды. Бірінші айда Абай облысы бойынша филиал мамандары 300-ге жуық оқушыны оқытты.

    «Бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Алайда ол үшін цифрлық құралдарды пайдалана білу маңызды. Сондықтан біз аға буын өкілдерімен қатар мектеп оқушыларына да сабақ өткіземіз», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалының директоры Жібек Жадрина.

    Сабақтар балалардың цифрлық дағдыларын дамытуға, заманауи цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстыруға және технологияларды күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Сонымен қатар Семей қаласындағы № 2 ХҚКО-да ересек тұрғындарға арналған тегін курстар жалғасуда. Оқыту ағымдағы жылдың көктемінде басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында курстарға 200-ден астам адам қатысты.

    Еске саламыз, тұрғындарға арналған тегін сабақтар әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан № 2 ХҚКО-да өткізіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бородулиха ауданының әкімдігі" жаңалықтары