Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстан Республикасы күні Петропавл қаласында 280 орынға арналған жаңа «Алпамыс» балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мектепке дейінгі ұйым «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен салынды. Балабақшадағы тәрбие мен білім беру үдерісі толығымен қазақ тілінде жүргізіледі.
Жаңа балабақшаның ашылуы балаларға арналған орын санын арттыруға және мемлекеттік тілде мектепке дейінгі білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.








