Азия пара ойындарының қола жүлдегері Аяла Мереке Ақтөбеге жетті!

    1 / 5

    Бүгін, 24 қазанда Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өткен V жазғы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері, ақтөбелік парадзюдошы Аяла Мереке туған жеріне келіп жетті.

    Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайында спортшыны Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов, спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылары, туған-туыстары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды.

    Аяла Мереке Азия Пара ойындарында парадзюдодан J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Жерлесіміз үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Үндістан өкілі Гулшанды жеңіп, ел қоржынына жүлде салды.

    Айта кетейік, Аяла Мереке биыл Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль, Германияның Хайдельберг қаласында ұйымдастырылған IBSA Judo Grand Prix халықаралық турнирінде қола жүлде иеленді. Сондай-ақ Азия Пара ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын алып шыққан спортшылардың бірі болды.

    Спортшының жаттықтырушысы — Серікбол Нұралин.

    Аяла Мереке мен оның жаттықтырушысын жоғары жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары