Күш, шеберлік және жеңіске деген жігер: Полиция департаментінде самбодан турнир өтті

    Күш, шеберлік және жеңіске деген жігер: Полиция департаментінде самбодан турнир өтті

    Республика күні мерекесі қарсаңында бүгін «Арлан» спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерлері арасында спорттық және жауынгерлік самбодан турнир өтті. Жарысты Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырды.

    Белдесу алаңында қатысушылар жоғары физикалық дайындықтарын, техникалық шеберліктері мен төзімділіктерін көрсетті. Әрбір белдесу күшті, тактикалық ойлауды және соңына дейін күресе білуді талап етті.

    Жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылар анықталды.
    Спорттық самбодан жеңімпаздар:

    • 71 келіге дейін — Сембаев Алмас;
    • 79 келіге дейін — Амангелді Ердаулет;
    • 88 келіге дейін — Ынтымақ Арғын;
    • 98 келіге дейін — Нұрмадиев Мирас.

    Жауынгерлік самбодан жеңімпаздар:

    • 58 келіге дейін — Тұрдығазин Олжас;
    • 64 келіге дейін — Базарбеков Олжас;
    • 71 келіге дейін — Нұралыұлы Аманжол;
    • 79 келіге дейін — Айтжанов Нұрасыл;
    • 88 келіге дейін — Мырзақанов Дархан.

    Турнир жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің спорттық және жауынгерлік самбодан чемпионатында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің намысын қорғайды.

    Спорттық дайындық полиция қызметкерінің кәсіби даярлығында маңызды орын алады. Ол төзімділікті, ұстамдылықты, тәртіпті және күрделі жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін шыңдайды.

    Турнир қатысушыларға өз күштерін сынап, алдағы чемпионат қарсаңында жарыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік берді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары