Бүгін, 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай жастардың сайлау туралы білімін арттыру және азаматтық белсенділігін қалыптастыру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн оқыту өткізілді.
Оқыту семинарын Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Жалғас Халелов жүргізді. Ақпараттық кездесуге 22жас қатысып, сайлау процесіне қатысты маңызды мәліметтермен танысты.
Кездесу барысында мәслихат сайлауының тарихы мен маңызы, депутаттарды сайлау жүйелері, депутаттыққа кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жастарға сайлау процесінің негізгі кезеңдері, азаматтардың сайлау құқықтары және жергілікті өкілді органдардың қоғам өміріндегі рөлі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлау заңнамасына қатысты пайдалы мәліметтер алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сайлау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына ықпал етеді.








