Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама аясында концерт ұйымдастырылып, сондай-ақ елдің қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін министрлік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қазынашылық жүйесінің бес қызметкеріне «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалін табыстады. Олар:
Ерлан Тюлюпов — Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары;
Нұрдос Тойбаев — Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы;
Ермек Суербаев — Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы;
Бибігүл Садвакасова — Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары;
Луиза Маматаева — Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті Түлкібас аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының басшысы.
Мемлекеттік қазынашылық комитеті әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!
Оларға зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметте толағай табыстар мен Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!









