Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде

    1 / 6

    Аудан әкімі Берік Сарменбаев Ширкейлі және Қоғалыкөл ауылдарында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысын тексерді. Қоғалыкөл ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асырудың басталуына 2026 жылы республикалық бюджеттен 320 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта "Орда-Құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымы жоғары қысымды газ құбырын төсеу жұмыстарын жүргізуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,2 км газ құбырын салу және 4 газ реттеу пунктін орнату көзделген. Ширкейлі ауылын газдандыру жобасының құны 1,3 млрд теңгені құрайды 2026 жылы аталған жобаның басталуына республикалық бюджеттен 400 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда "Орда-Құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымы жоғары қысымды газ құбырын төсеу жұмыстарын жүргізуде . Жоба бойынша 47,54 км газ құбырын салу және 3 газ реттеу пунктін орнату жоспарлануда. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сырдария ауданының әкімдігі" жаңалықтары