Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері

    Бұрын қалай болды?

    2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді.

    2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс бұл мүмкіндікті кеңейтті. Атап айтқанда, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды.

    Қазір не өзгерді?

    2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын да толық көлемде жеке басқаруға бере алады.

    Бұл өзгеріс қандай мүмкіндік берді?

    Аталған жаңашылдық салымшылар үшін өз жинақтарының инвестициялық кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Енді әрбір салымшы өзінің зейнетақы активтерін кім және қандай инвестициялық стратегия бойынша басқаратынын дербес таңдай алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфель арасында бөліп орналастыруға болады. Бұл зейнетақы капиталын басқарудың баламалы жолдарын көбейтіп, салымшыларға өз мүддесіне сай шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы тек сырттай бақылаушы рөлін атқаратын үлгіден адамның ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде өзінің қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда.

    Инвестициялық портал туралы

    Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауына белсенді қатысуына жағдай жасайды.

    Осы мақсатта 2026 жылдың басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) invest.enpf.kz арнайы инвестициялық порталын іске қосты. Портал зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға бергісі келетін салымшыларға дұрыс шешім қабылдап, жинақтарын жедел аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаруға қатысты негізгі мәліметтер біртұтас цифрлық кеңістікке жинақталған. Соның арқасында салымшылар қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралға қол жеткізді.

    Инвестициялық портал пайдаланушылары:

    • инвестициялаудың негізгі ұғымдарымен таныса алады;
    • басқарушы компаниялардың әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілігін салыстырып, оның өзгеру динамикасын бақылай алады;
    • инвестициялық портфельдердің құрылымын зерделеп, зейнетақы активтерінің қандай қаржы құралдарына орналастырылғанын біле алады;
    • инвестициялық декларациялар мен стратегияларды зерттеп, олардың өз мақсаттары мен мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалай алады.

    Деректер талдамасынан салымшылардың инвестициялық құралдарға деген қызығушылығы артып, өздерінің зейнетақы жинақтарын саналы түрде басқаруға ұмтыла бастағанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, invest.enpf.kz порталы іске қосылған сәттен бастап оның бірегей пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шамамен 82 мың адамға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілген қыркүйек айында тіркелді.

    Статистика не дейді?

    Статистикалық деректер салымшылардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару белсенділігі де айтарлықтай артқанын көрсетеді.

    Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 6 қыркүйек аралығында зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударған салымшылар саны 44 167 адамды, ал аударылған қаражаттың жалпы сомасы 69,1 млн теңгені құраса, 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 32 921 салымшының аударған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 92,2 млн теңгеге жетті.

    01.01.2026ж. бастап 06.09. 2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі

    Сома бойынша тобы, теңге

    Салымшылар саны

    Салымшылар үлесі

    (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан)

    Аударымдар саны, млн теңге

    Сома үлесі

    ( аударымдардың жалпы сомасынан)

    500 000 дейін

    15 910

    36,0%

    2 582,68

    3,7%

    500 000 - 1 000 000

    5 443

    12,3%

    3 827,41

    5,5%

    1 000 000 - 3 000 000

    13 716

    31,1%

    26 591,73

    38,5%

    3 000 000 - 5 000 000

    8 085

    18,3%

    29 434,35

    42,6%

    5 000 000 - 10 000 000

    946

    2,1%

    5 717,96

    8,3%

    10 000 000 - 2 0 000 000

    59

    0,13%

    734,22

    1,1%

    20 000 000 - 50 000 000

    8

    0,02%

    257,22

    0,4%

    свыше 50 000 000

    –

    –

    –

    –

    ЖИЫНТЫҒЫ

    44 167

    69 145,57

    07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі

    Сома бойынша тобы, теңге

    Салымшылар саны

    Салымшылар үлесі

    (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан)

    Аударымдар саны, млн теңге

    Сома үлесі

    ( аударымдардың жалпы сомасынан)

    500 000 дейін

    7 325

    22,3%

    1 210,96

    1,3%

    500 000 - 1 000 000

    3 425

    10,4%

    2 357,91

    2,6%

    1 000 000 - 3 000 000

    9 409

    28,6%

    17 175,42

    18,6%

    3 000 000 - 5 000 000

    6 375

    19,4%

    23 974,97

    26,0%

    5 000 000 - 10 000 000

    5 712

    17,4%

    38 356,27

    41,6%

    10 000 000 - 20 000 000

    621

    1,9%

    7 475,87

    8,1%

    20 000 000 - 50 000 000

    51

    0,15%

    1 391,67

    1,5%

    свыше 50 000 000

    3

    0,01%

    214,37

    0,2%

    ЖИЫНТЫҒЫ

    32 921

    92 157,45

    Жасына қарай топтар бөлінісінде осы кезеңдердегі стаитстика төмендегідей сипатқа ие:

    01.01.2026ж.бастап06.09.2026ж. дейінгі кезеңдегі деректер

    Жасы бойынша топ

    Аударымдар үлесі

    (аударымдардың жалпы санынан)

    Сома үлесі

    ( аударымдардың жалпы сомасынан)

    Орташа аударым,

    мыңтеңге

    30 жасқа дейін

    24,0%

    10,5%

    397

    30–39 жас

    40,2%

    40,9%

    922

    40–49 жас

    24,8%

    32,5%

    1 188

    50–59 жас

    10,6%

    15,4%

    1 318

    60 жас және одан үлкен

    0,5%

    0,6%

    1 118

    07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж.дейінгі кезеңдегі деректер

    Жасы бойынша топ

    Аударымдар үлесі

    (аударымдардың жалпы санынан)

    Сома үлесі

    ( аударымдардың жалпы сомасынан)

    Орташа аударым,

    мыңтеңге

    30 жасқа дейін

    22,1%

    9,1%

    676

    30–39 жас

    38,0%

    37,6%

    1 631

    40–49 жас

    27,5%

    35,2%

    2 113

    50–59 жас

    11,8%

    17,1%

    2 380

    60 жас және одан үлкен

    0,6%

    1,1%

    2 975

    Келтірілген деректерден көріп отырғанымыздай, ең жоғары белсенділікті 30–39 жас аралығындағы салымшылар танытып отыр. Барлық аударымдардың шамамен 40%-ы және аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 40%-ы осы жас тобындағы азаматтарға тиесілі. Олардың белсенділігі осы кезеңге қарай зейнетақы шоттарында қомақты қаражаттың жинақталуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар зейнетке шығуға әлі жеткілікті уақыт бар болғандықтан, салымшылар өздерінің инвестициялау мерзімі мен тәуекелге деген көзқарасына сәйкес инвестициялық стратегияны таңдап, қажет болған жағдайда оны өзгерте алады.

    Еске саламыз, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешімді әр салымшы өз бетінше қабылдайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын қаражатты басқару шарттарын, инвестициялық портфельдің құрылымын, комиссиялық сыйақы мөлшерін және әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерін мұқият зерделеген жөн. Бұл ретте өткен кезеңдердегі инвестициялық нәтижелер болашақта дәл сондай кірістілікке қол жеткізуге кепілдік бермейтінін, ал инвестициялардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін ескеру маңызды.

    Салымшылар өзекті деректер мен барлық қажетті ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан кез келген уақытта таба алады. Бүгінде бұл портал көптеген салымшыға зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін жан-жақты түсінуге және жинақталған қаражатын инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына беру жөнінде саналы шешім қабылдауға көмектесті.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары