Республика күні: тарихтан тағылым, болашаққа бағдар

    25 қазан — Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздікке қарай жасаған маңызды қадамдарының бірі жүзеге асты. Бұл құжат халықтың өз тағдырын өзі айқындауға деген ұмтылысын білдіріп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз қалады.

    Бүгінде Республика күні — өткен тарихымызды еске алумен қатар, ортақ болашағымыз туралы ойлануға мүмкіндік беретін мереке. Тәуелсіздікті сақтау, халық бірлігін нығайту және азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау — мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі.

    2026 жыл Қазақстанның конституциялық дамуындағы жаңа кезең ретінде ерекше маңызға ие. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция еліміздің дамуының негізгі бағдарларын айқындады. Олардың қатарында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттілікті нығайту, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлік пен жауапты патриотизмді дәріптеу бар.

    Бұл қағидаттар күнделікті өмірде жүзеге асқанда ғана өзінің нақты мәніне ие болады. «Заң мен тәртіп» — өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу, әділдік сақтау, өз іс-әрекетіне жауап беру және азаматтардың заңды мүдделерінің қорғалуына деген сенімі. Осындай құндылықтар әрбір адам өзін біртұтас қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезінетін ортаны қалыптастырады.

    Патриотизм де нақты істерден басталады. Ол — адал еңбек ету, туған жерді қадірлеу, тарих пен мәдениетті құрметтеу, отбасы мен қоғамның игілігіне қамқорлық таныту. Әр азаматтың күнделікті еңбегі мен жауапты әрекеті Қазақстанның дамуына қосылған үлес болып табылады.

    Республика күні — тарихымызды, бүгінгі жетістіктерімізді және келешек ұрпақтың үмітін тоғыстыратын мереке. Тәуелсіз Қазақстанның өркендей беруіне, ал бейбітшілік, бірлік, әділдік пен халықтың әл-ауқаты ортақ Отанымыздың берік негізі болып қала беруіне тілектеспіз!

    Автор: Ақмола облысы Әділет департаментінің бас маманыГ.Рахматулина

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Департамент юстиции Акмолинской области" жаңалықтары