Тегін заң көмегі күні акциясын өткізді

    2026 жылғы 22 қазанда Республика күні мерекесін атап өту аясында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ғимаратында Департамент облыстың заң қоғамдастығы өкілдерімен бірлесіп, «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.

    Акция барысында азаматтарға, оның ішінде ауылдық елді мекендерден келген тұрғындарға Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру, мұраны рәсімдеу, алимент өндіру, тұрғын үй қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу мәселелері бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді.

    Сонымен қатар азаматтарға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, дербес деректерді қорғау шаралары және құқық бұзушылық орын алған жағдайда уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары