Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында профилактикалық бақылау

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде профилактикалық бақылау жүргізді.

    Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
    Бақылау барысында орталықтың қызметін ұйымдастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігі, қызмет алушыларға жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық және өзге де қызмет түрлерінің көрсетілу тәртібі назарға алынды.

    Сонымен қатар қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескеру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тиісті құжаттаманы жүргізу, қызметкерлермен қамтамасыз етілуі және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

    Профилактикалық бақылау арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы ықтимал бұзушылықтардың алдын алуға, оларды уақтылы анықтауға және қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған.
    Департамент тарапынан мұндай бақылау шараларын жүргізу әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің және қызмет алушылардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары