Пресс релиз

    1 / 4

    «Солтүстік Қазақстан облысы халқы үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау: сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету (2023–2025 жж.)» атты сараптамалық-талдау жұмысының нәтижелері қаралды.

    «Солтүстік Қазақстан облысы халқы үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау: сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету (2023–2025 жж.)» атты сараптамалық-талдау жұмысының нәтижелері қаралды.

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы «Солтүстік Қазақстан облысы халқы үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау: сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету (2023–2025 жж.)» тақырыбында сараптамалық-талдамалық шолу жүргізді. Талдау 2023–2025 жылдар аралығын қамтыды және камералдық тәсілмен (нысандарға бармай-ақ) орындалды.

    Бастама аясында Солтүстік Қазақстан облысында сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта жаңарту жөніндегі 104 жобаның жүзеге асырылуына талдау жасалды. Бұл жобалардың жалпы болжамды құны 133,7 миллиард теңгені құрайды (оның 114,8 миллиард теңгесі игерілген). Сонымен қатар, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша бөліністе ауыз судың сапасына және халықтың ауыз суға қолжетімділік деңгейіне бағалау жүргізілді.

    Сараптамалық-талдау шолуының қорытындысы бойынша, қарастырылған нысандарға қатысты ұсынымдар берілді. Олар аяқталмаған жобаларды аяқтауға (кейіннен мемлекет меншігіне беру арқылы) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейтуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары