1 / 7
2026 жылғы 22 қазанда Бозтал ауылы әкімдігінің акт залында Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мұқатовтың және Бозтал ауылының әкімі Г.Т. Алимжанованың ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында аудан және ауыл әкімдері 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталып, алдағы 2027 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу аясында ауылдың өркендеуіне, дамуына және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтар Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мұқатовтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Ауылымыздың дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс білдіреміз! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болып, туған ауылымыздың игілігі жолындағы жұмыстарымыз табысты болсын!







