Насымжан Оспанова Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды

    1 / 8

    Насымжан Жамбекқызы Оспанова ротация тәртібімен Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментін басқарып, министрлік жүйесіндегі қызметін жалғастырады.

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Насымжан Жамбекқызына балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі.

    Насымжан Оспанова еңбек жолын өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Оқытушы, директордың орынбасары және колледж басшысы қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментін, ал 2022 жылғы қазаннан бастап Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетін басқарды.

    Жаңа қызметінде Насымжан Жамбекқызы елордадағы білім сапасын қамтамасыз ету және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын сақтау бағытындағы жұмысын жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары