Республика күніне орай Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    1 / 2

    Астанадағы «Қазанат» ипподромының аумағында Республика күніне орай 24-25 қазанда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Қарағанды және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.
    Жәрмеңке аясында екі өңір мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімін әкеледі.
    Қарағанды облысынан елордаға 583 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде:
    • картоп – 310 тонна;
    • еттің барлық түрі – 134,7 тонна;
    • көкөніс – 80 тонна;
    • сүт өнімдері – 15 тонна;
    • балық – 7,5 тонна;
    • тауық жұмыртқасы – 310 мың дана;
    • бакалея өнімдері – 36 тонна.
    Қостанай облысы 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрін ұсынады. Атап айтқанда:
    • еттің әр түрі – 49 тонна;
    • сүт өнімдері – 31 тонна;
    • шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;
    • жарма және макарон өнімдері – 30 тонна;
    • картоп пен көкөніс – 90 тонна;
    • ұн – 40 тонна;
    • нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және басқа да тауарлар.
    Жәрмеңкеге екі өңірден 140-тан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпорын қатысады.
    Жәрмеңкенің мақсаты – елорда тұрғындарына сапалы ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін арзан бағада ұсыну, отандық өндірушілерді қолдау және өнімді делдалсыз, тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізуді дамыту.
    Жәрмеңке 24-25 қазан күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары