50-ден аса сауда нысаны мен мерекелік жеңілдіктер: Астанада «Republic Day» мен «Bereke Fest» акциялары қалай өтіп жатыр

    1 / 5

    Астанада Республика күніне орай ұйымдастырылған «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтіп жатыр. Оларға 10 сауда ойын-сауық орталығы мен түрлі сауда желілерінің 48 дүкені қатысады.

    Акциялар 17 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. Осы кезеңде елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды арзан бағада сатып ала алады.

    «Republic Day» акциясына MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», Asia Park, Green Mall және басқа да ірі сауда орталықтары қатысады.
    Ал «Bereke Fest» аясында SMALL, SPAR, «Фермаг», «Астықжан», Greenwich, Magnum, «ВКУСМАРТ» және «Анвар» сауда желілерінің дүкендерінде арнайы ұсыныстар бар.

    Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, акция аясында азық-түлік өнімдері мен күнделікті тұрмысқа қажетті басқа да тауарлардың кең ассортименті ұсынылған.

    «Сатып алушыларға ет және сүт өнімдері, бакалея, кондитерлік өнімдер, сусындар, көкөністер мен жемістер, күнделікті тұтынатын тауарлар, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың кең таңдауы ұсынылды», – деп хабарлады басқарма өкілдері.
    Қала тұрғындары да мерекелік жеңілдіктерге оң бағасын беріп отыр.

    «Әртүрлі дүкендер мен бутиктердің акцияға қатысып, қажетті тауарларға жеңілдік жасаған қуантады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұл – мерекелік көңіл күймен қатар тиімді сауда жасауға жақсы мүмкіндік», – деді Астана тұрғыны Жадыра Байзакова.

    Сатып алушылардың тағы бірі тауарлардың кең таңдауы мен тиімді ұсыныстарды атап өтті.
    «Мұндай акциялар сатып алушылар үшін өте қолайлы. Мереке күндері киім-кешек, азық-түлік және басқа да тауарларды тиімді бағада алуға болады. Меніңше, бұл – мерекелік көңіл күй сыйлап, сауда жасауды қолжетімді ететін жақсы бастама», – деді елорда тұрғыны.

    Акцияларды ҚР Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды. Бастамалар халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, отандық өндірушілерді қолдауға және ішкі сауданы дамытуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары