Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымды жақсарту тапсырмасымен әлеуметтік нысандар саланып жатыр. Республика күні қарсаңында Сарыағаш қаласында күрделі жөндеуден өткен 1000 орындық орталық стадион ел игілігіне берілді.
Спорт нысанының ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды нысанның ашылуымен құттықтап, өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Ел бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын мерекеде орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріліп отыр. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортты дамытуға, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға және жастарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар іске асырылуда. Биыл жалпы құны 11,3 млрд. теңгеге 58 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Былтырғы кездесуде өздеріңіз стадион мәселесін көтерген едіңіздер. Бүгінде халықтың осы өтініші орындалып, стадион толық жаңғыртудан өтті. Стадионда жасанды жабынды футбол алаңы, 400 метрлік жүгіру жолағы, шағын футбол, стрит-воркаут алаңшалары салынып, заманауи жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілді. Жаңарған нысан болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге, сондай-ақ аудандық, облыстық және республикалық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – спортты баршаға қолжетімді етіп, өңірдің спорттық әлеуетін арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Осы жерден көк туымызды биікке көтеретін талай чемпиондар шығып, еліміздің атын дүниежүзіне танытады деп сенемін, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Сарыағаш қаласының орталық стадионын жаңғырту және спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан қайта пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 1,5 гектарды құрайтын стадионды күрделі жөндеуден өткізуге 807, 5 миллион теңге қаржы бөлінген. Тапсырыс беруші – Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Мердігер мекеме – «БИБО-строй» ЖШС. Жөндеу жұмыстары аясында көрермендерге арналған 1 000 орын жаңартылып, трибуналардың үсті жабылған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 20 арнайы орын қарастырылған. Футбол алаңына жасанды газон төселіп, жаңа жүгіру жолағы салынды. Бұдан бөлек, воркаут алаңшасы мен кіші футбол алаңы жаңадан салынды. Жаңғыртылған стадион қала тұрғындарының, әсіресе жастардың спортпен тұрақты айналысуына, спорттық шеберліктерін арттыруына және түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта орталық стадионда 5 жаттықтырушының жетекшілігімен 200-ге жуық оқушы спортпен шұғылданады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
ТУРКЕСТАН: НАКАНУНЕ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ В САРЫАГАШЕ ВВЕДЕН В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ЦЕНТРАЛЬНЫЙ СТАДИОН НА 1000 МЕСТ, ПРОШЕДШИЙ КАПИТАЛЬНЫЙ РЕМОНТ
В Туркестанской области по поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в целях улучшения инфраструктуры строятся социальные объекты. Накануне Дня Республики в городе Сарыагаше ввели в эксплуатацию центральный стадион на 1000 мест, прошедший капитальный ремонт.
На церемонии открытия спортивного объекта аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров поздравил жителей с открытием объекта и рассказал о проводимой в регионе работе по развитию спортивной инфраструктуры.
– В праздничный день, прославляющий единство и согласие страны, после капитального ремонта вводится в эксплуатацию центральный стадион. От всей души поздравляю всех с этим знаменательным событием! Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев уделяет особое внимание развитию спорта, формированию современной инфраструктуры и созданию благоприятных условий для молодежи. В этом направлении …









