ПЕШ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз!
Күз бен қыс мезгілінде тұрғын үйлерде өрт шығу қаупі артады. Оның негізгі себептерінің бірі – пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы. Пештің ақаулығы, мұржаның уақытылы тазаланбауы, от жағу тәртібінің бұзылуы және қараусыз қалдырылған от тұрғындардың өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төндіреді.
Осыған байланысты Мойынқұм ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Пешті пайдалану кезінде мынадай қауіпсіздік талаптарын есте сақтаңыз:
* Пешті жағар алдында оның жарамдылығын, қабырғаларында жарықтардың жоқтығын тексеріңіз.
* Мұржаны күйеден уақытылы тазалап, оның техникалық жағдайын бақылауда ұстаңыз.
* Пештің алдына көлемі кемінде 50 × 70 см болатын металл төсем орнатыңыз.
* Жанғыш заттарды, отынды және киімдерді пештің жанында сақтамаңыз.
* Жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз және оны балаларға сеніп тапсырмаңыз.
* Пешті шамадан тыс қыздырмаңыз, сондай-ақ оны жағу үшін бензин, керосин сияқты тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.
* Жанып жатқан көмір мен күлді арнайы қауіпсіз орынға шығарып, толық сөнгеніне көз жеткізіңіз.
* Ұйықтар алдында пештегі оттың толық сөнгенін тексеріңіз.
Улы газдан сақ болыңыз!
Пешті дұрыс пайдаланбау және мұржаның бітелуі салдарынан көміртек тотығы (иіс газы) бөлінуі мүмкін. Бұл газдың иісі де, түсі де жоқ, сондықтан оны дер кезінде анықтау қиын. Иіс газы адам ағзасына түскенде бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, жүрек айнуы сияқты белгілер пайда болуы мүмкін.
Осындай белгілер байқалған жағдайда зардап шеккен адамды таза ауаға шығарып, дереу 112 нөміріне хабарлау қажет. Қауіпсіздікке көз жеткізбей, қауіпті аймаққа қайта кіруге болмайды.
Құрметті аудан тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Пешті дұрыс пайдалану арқылы өз өміріңізді, отбасыңыздың амандығын және тұрғын үйіңізді өрттен қорғауға болады.
Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз! Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!
Мойынқұм ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
ПЕШ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Ұқсас материалдар

СҚО-да полицейлер, ардагерлер мен әскери қызметшілер Республика күніне орай марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында тексерілген 7 ауыр жүк көлігінің 4-еуінен артық салмақ анықтады
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстанда "Қауіпсіз үй" профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Республика күні қарсаңында СҚО-да полиция қызметкерлері эстафеталық жарыс өткізді
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың ТІЗІМІ
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасыАшу
"Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппараты" жаңалықтары

Ашық терезеден сақ бол!!!
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппаратыАшу
Сенбілік жұмыстары жүргізілді
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппаратыАшу
"Елтану" жобасы аясында халықпен кездесу жиыны өтті.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппаратыАшу
Ата-анаңның үйін тексер! ❤️
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппаратыАшу
Встреча с жителями сельского округа Карабогет.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппаратыАшу