Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Нұршашқан Ғаниқызы Ізбасарова Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны актив отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров таныстырып, жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, жас буынның әлеуетін арттыру және олардың бастамаларын қолдау бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Нұршашқан Ізбасарова 1990 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген.
2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен, ал 2013 жылы осы мамандық бойынша магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасында қоғамдық жұмысшы болып бастаған.
2011–2013 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында іс жүргізуші, 2013–2017 жылдары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман болып жұмыс істеген.
2017–2023 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап осы басқарма басшысының орынбасары болды.
Бұған дейін Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарған Әлімбек Тұралиев облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
1 / 4
Ұқсас материалдар

Әлеуметтік қызметкерлер күн сайын көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың өмірін жеңілдетуге атсалысады. Әсіресе, қарттардың жағдайын сұрап, көңілін аулап, қамқорлық көрсету – үлкен мейірім мен сабырды қажет ететін жұмыс.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
Онлайн саудада сақ болыңыз: алаяқтардың құрбаны болмаңыз
Ақтөбе облысының Полиция департаментіАшу
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан тарихи Отанына оралған Тау Елікбайұлы 2017 жылы Өскемен қаласына қоныс аударған. Білім алып, оқуын аяқтаған соң жиһаз жасау саласында еңбек ете бастаған. Биыл қандас мәртебесін алып, ҚАЗТЕСТ сынағынан өткен. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінен үй сатып алған.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
“Жасына байланысты зейнетақы тағайындау кезінде орташа айлық табысы қалай ескеріледі”
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
«Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу өлшемшарттары»
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіАшу
"Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
#RepublicDay: Ақтөбедеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Асхат Шахаров ақтөбелік креаторларды марапаттады
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Ақтөбелік Аяла Мереке - Азия Пара ойындарының қола жүлдегері!
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Алға қаласында көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу